Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алаяқтықпен айналысып 3 жылға сотталды

Алаяқтықпен айналысып 3 жылға сотталдыСотталушы С.А. 2014 жылдың сәуір айының 15-күні жәбірленуші Ж. Л. баласын кент орталығындағы бір мекемеге жұмысқа тұрғызамын деп 300 000 теңге ақшасын алдап алып, алаяқтықпен жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, сотталушы С.А. қылмыстық әрекетін одан кейін де жалғастырған. Сол жылдың сәуір айының 26 күні жәбірленуші Е.С-ны Әйтеке би кентіне балабақшаға тәрбиеші қызметіне жұмысқа тұрғызамын деп үйіп-төгіп уәде берген. Одан 150 000 теңге ақшасын алдап алған. Сотта сотталушының кінәсі толығымен дәлелін тапты.
Қазалы аудандық сотының  үкімімен сотталушы С.А. ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өзіне тиесілі жеке мүлкін тәркілеп, 3 (үш) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: