Американдық инженер Кихи Сеймур Bionic Boots бәтіңкесін ойлап шығарды. Бұл бәтіңке өзгесінен бөлек. Оны киген адам құстай ұшып жүгіре алады. Сағатына 40 шақырымды арттай тастай алады.
Мұндай жылдамдықпен велосипед мінген адаммен жарысуға әбден болады. Бәтіңкемен тек таспадай тізілген тегіс жолмен ғана жүрмейсің. Кедір-бұдыр жерді де елең етпейсің. Қазір өнертапқыш өз өнімін жетілдіруді көздейді. Алдағы уақытта жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрайтын бәтіңке ойлап табуды жоспарлап отыр. Әрине, бұл болашақтың еншісінде. Әзірге бәтіңкенің аталмыш түрінің бағасы – $265.