Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МАҚПАЛКӨЛДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙДІ

МАҚПАЛКӨЛДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙДІЖалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев және Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Б.Тұңғышбаев 2016 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы атқарылатын міндеттері бағытындағы жұмыстары бойынша есепті кездесуі өтті.
Ауылдық округ бойынша «Сарқасқа жылқы» фермерлік қожалығы 90 бас жылқы, 59 бас мүізді ірі қара, «Нұрбек» шаруа қожалығы 149 бас мүйізді ірі қара, 67 жылқы малдарын өсіріп, мал басын көбейту мақсатын жұмыс жасап келеді. 
Ауылда шағын кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өнім өндіру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында ауылдық округ бойынша 25 кәсіпкер аудандық салық комитетіне тіркеліп жұмыс жасайды.
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытымен 3 адам мал өсіру мақсатында несие алып, жұмыстар жүргізуде.
Конкурс арқылы «Таң LTD» ЖШС-і 8 597121 теңге қаржы ұтып алып, ауылдық округке қарасты Д.Шотықов көшесінен 952 метр, А.Қожахметов көшесінен 294 метр, Ә.Оңалбаев көшесінен 254 метр жолға тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді
2016 жылы Мақпалкөл ауылдық округі бойынша көп жылдардан орындалмай келе жатқан күрделі мәселелер өз шешімін тапты. Атап айтқанда, Мақпалкөл Мәдениет аралығында тас жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық окруте мал өрісін кеңейту үшін «Ер-Әлі» шаруа қожалығы өз қаражатымен оңтүстік коллекторға көпір салды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: