Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысының 2015 жылғы бюджеті – 92 млрд. теңге

Қызылорда облысының 2015 жылғы бюджеті – 92 млрд. теңге12 желтоқсан күні облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, 2015 жылдың қаржылық бюджеті қабылданды. 
Оның көлемі 92 млрд. теңгені құрайды. Бұл былтырғы 2014 жылға бюджетті қалыптастырған дәл осы кезеңмен салыстырғанда 1,2 млрд теңгеге артық. Жиында аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыс бюджеті әлеуметтік бағытын сақтайтындығын айтты. Әлеуметтік дамытуға жұмсалатын шығыстар бюджеттің жалпы көлемінің 36 %-ды құрайды. 
- Жаңа өндірістерді енгізіп және шағын бизнесті дамыта отырып, біздер салық базасын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алайда, тек қана облыс бюджетінің мүмкіндігімен шектеліп қалуға болмайды. Бұл жеткіліксіз. Мемлекет басшысы Жолдауда белгіленген басымдықтарды жүзеге асыру үшін үлкен ресурстардың бөлінуін тапсырды. Сондықтан біз, облыстың жобаларын Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, әлеуметтік міндеттемелерді толық орындайтын боламыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Сонымен қатар, халық қалаулылары Сыр елінің құрметті азаматтарын таңдады. Мұндай мәртебеге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, техника ғылымының докторы, профессор Уәлихан Бишімбаев және Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық мәслихат депутаты, «Абзал және К» серіктестігінің директоры Абзал Ералиев ие болды. 
Сондай-ақ, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы болып № 8 сайлау округінің депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы сайланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: