Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚОЛҒА ҮЙРЕТІЛГЕН АРҚАР БАР (ВИДЕО)

 ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚОЛҒА ҮЙРЕТІЛГЕН АРҚАР БАР (ВИДЕО)«Қаратаудың қожайыны». Ауыл аймағы Қалау Әшімовті осылай атайды.Таудың еркесі арқарды қолға үйреткен тұрғынды тілшіміз іздеп тапты, деп хабарлайды Қазақстан-Қызылорда телеарнасы.
Жаңақорған кентінің тұрғыны Қалау Әшімов бұл арқарды Қаратау бөктерінде жылқы іздеп жүріп тауып алған. Содан бері сүт беріп, қолға үйреткеніне бір жылға жуықтапты.  Қалау Әшімовтің нақты мекен-жайын алғашында біз де білмедік. Дегенмен ол кісінің үйін тауып бару аса қиынға соқпады. Бар себебі көшедегі кез-келген тұрғыннан «арқар асырайтын үй қайда?» деп сұрасаң болғаны. Осы өңірдің тумасы Қалау аға келген қонаққа бірден ағынан жарыла қоймайды. Өйткені «Қызыл кітапқа енген түз жануарын қолда ұстағаны үшін айыппұл арқалап жүрмеймін бе? – деп әзілдегенімен қауіпін де жасырмайды. Шындығында ол кісі арқардың қозықасын кездейсоқ  тауып алған.  Жалпы арқардың дене тұрқы 120 сантиметрге дейін жетсе, салмағы 40-50 келі болады. Басты қасиеті - мүйізінде. Биік жартастардан секіргенде мүйізін қаруы ретінде қолданады. Мүйіз түбірінің жуандығы 50 сантиметрге дейін жетеді екен.  Өткен жылдың сәуірінде әкелген төлге жақында жыл толады. Осы уақыт аралығында сиырдың сүтімен бапталып, күтімі жасалған арқар қазір егесіне әбден бауыр басқан. Олар тау еркесіне «Арко» деп ат қойыпты. 
Аулада балалармен бірге ойнайды. Арқарды асырандыға айналдырған жанның алдағы жоспары оны қоймен будандастырып тұқымын алу. Өйткені арқарға қызығушылық танытушылар көп. Оны алу үшін иесіне көлік те, қомақты қаржы да ұсынылған. Негізінен бұл тәжірибе ғылыми түрде жүзеге асқан. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқар-меринос қой тұқымдары шығарылған. Қалау Әшімовтың ойы табиғи түрде арқардың төлін өсіру.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: