"Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 666 жобасы несиелендірілді. Несие портфелі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге ұлғайды.
- Аймақта 528 жоба екінші деңгейлі банктердің "скоринг" бағдарламасы арқылы мақұлданды. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі пандемия кезеңінде аса зардап шеккен бөлшек сауда, жолаушылар тасымалы, қоғамдық тамақтану және шағын қызмет саласында жұмыс жасайтын микро кәсіпкерлік субъектілерінің үлесінде. Сондай-ақ, өткен аптада Бақылау кеңесінің отырысында ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды, - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов .
Биыл облыстық бюджеттен шамамен 30 жобаны қайтарымсыз грант арқылы қаржыландыру жоспарлануда. Бұдан өзге, қаржы ұйымдары арқылы жыл басынан бері 41 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді. Айта кету қажет, өңірде соңғы бес жылдықта шағын және орта бизнес өнімі 13,5 %-дан 17,8 %-ға дейін ұлғайған.