Өткен жылы ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 684,2 млн теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, екінші деңгейлі банк арқылы несиелендірілді. Оның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы субсидиялау үшін мақұлданды.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовтың айтуынша, ауданда туризмді дамытуға байланысты да бірқатар шаралар атқарылады. Мәселен, биыл Әйтеке би кентінен Арал ауданы бағытында 7 шақырымда орналасқан «Қашқан су» учаскесінен «СПК Қызылорда балық» ЖШС 3 гектар жер учаскесін алып, «Бақыт» көпсалалы қызмет көрсету кешенін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге тиісті мекемелерден техникалық шарттар алынуда.