Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 20 келіден астам есірткі тәркіленді

Қызылордада Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан 20 келіден астам марихуана мен 1 келі гашиш тәркіленді.
ҚР ІІМ және Қызылорда облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Аталған шара барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының Арал ауданының Шижаға елді мекені тұсында автокөлік тоқтатылды.
«Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелке шықты. Онда 2 литрлік - 8, 1 литрлік - 26, 1,5 литрлік 1 дана ыдысқа есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар көзге түсті. Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады. Көлік иесі Арал ауданындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: