Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ҰБТ-ГЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАЛЫДА ҰБТ-ГЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы ұстаздармен кездесіп, білім сапасын арттыру мәселесін талқылады. 
Сондай-ақ, ҰБТ-ге дайындық жайы пысықталды. Мәжілісті жүргізген аудан әкімі Нажмадин Шамұратов күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, оның маңызына тоқталды. 
Аудан бойынша 2015-2016 оқу жылындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова баяндаса, облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев білім сапасын жақсартуға байланысты жұмыстарды атап өтті.
Р.Кенжеханұлы ел болашағы үшін маңызды саналатын білім саласы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қосымша білім беру жүйесін дамыту жөнінде бірқатар мәселелер туралы ортаға салды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: