Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

 

Аудан әкімі мен аудан прокурорымен бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес арнайы құрылған жұмысшы топ кент, ауылдық округтерде болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында:
- «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыруда мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын жаңадан қабылданған және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң нормаларына түсіндірме беру;
- Жер кодексіне енгізілген өзгерістер, өзгерістерді енгізудің мәні туралы мәліметтер беру; 
- аудандық прокуратурамен бірлесіп «Заңға тағзым» акциясы шеңберінде кәсіпкерлік, еңбек, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік, алаяқтық қылмыстарына, жыныстық қатынастарға қолсұғылмаушылығына байланысты заң нормаларына түсіндірме беру; 
- жергілікті тұрғындардың өтініштері мен тілектерін тыңдау және т.б. заңдарды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмысшы топ құрамында аудан әкімі, аудан прокуроры, аудан әкімінің тиісті сала орынбасарлары, облыстық жер қатынастары, жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау, ішкі саясат басқармаларының сала өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім басшылары, БАҚ өкілдері, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, жергілікті полиция қызметінің және көші –қон бөлімшесінің басшысы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиал директоры, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болды. Түсіндірме жұмыстарынан соң барлық ауылдық округтерде аудан прокуроры мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізді. Аталмыш кездесу бүгін Манап, Талап, Бесарық ауылдарында жалғасты. Ал Жаңақорған кентіндегі түсіндірме жұмыстары ертең (20.05.2016) сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінде өтетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: