Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыр қылмыс жасап, бой тасалағысы келді

Ауыр қылмыс жасап, бой тасалағысы келдіЖалағаш кентінде 4 азамат  ортақ спирттік ішімдік ішті. Арақ ішкеннен кейін әңгіме оңа ма? Олардың арасындағы 2 адам сөзбен ілінісіп қалды. 
Екеудің бірі Н. болмашыны желеу етіп, қалтасынан жиналмалы көк түсті шаппасын алды. Ол Б-ның сол жақ кеуде тұсынан бір мәрте ұрып, дене жарақатын салды. Содан кейін оқиға болған жерден қашып кеткен.
"Сөйтіп, ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігінде көрсетілген ауыр санаттағы қылмысты жасаған деп айыпталған Н.-ны Жалағаш аудандық соты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді" деп хабарлайды Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: