Американың Теннеси штатында 1992 жылы эмбрион ретінде қатырылған бала 27 жылдан кейін дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.
Тина мен Бен Гибсон жаңа туған Моллидің ата-аналары болды. Осы жылдың ақпан айында олар мұздатылған эмбриондарды сақтау мәселелерімен айналысатын Ұлттық эмбриондардың донорлық орталығымен (NEDC) байланысып, эмбрионды "асырап алды".
Онда эмбриондарды экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өткен адамдар қалдыра алады. Отбасылар осы эмбриондарды асырап алып, оны патронаттық ананың жатырына береді.
Қазір Тина Гибсон 29 жаста, күйеуі Бен 36 жаста. Отбасы бес жылдай балалы бола алмаған. Бір күні олар жергілікті теледидардан мұздатылған эмбрионды отырғызу мүмкіндігі туралы сюжетті көрген.
Айта кету керек, бұл отбасының алғашқы баласы емес. Олардың бірінші қызы Эмма 2017 жылы дүниеге келген. Оның мұздатылған эмбрионы орталықта 24 жыл бойы сақталған. Моллидің туылуы жаңа отбасылық рекорд орнатты.
Ұлттық орталықтың хабарлауынша, бүгінде АҚШ-та миллионға жуық мұздатылған адам эмбрионы бар.