Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шалғайдағы Шәкен ауылында емхана ашылды

Шалғайдағы Шәкен ауылында емхана ашылдыҚазалы ауданы Шәкен ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұған дейінгі көне ғимаратта  медициналық жабдықтары болмаған. Сондықтан ауыл тұрғыны үшін жаңа амбулаторияның ашылуы көптен күткен үлкен  қуаныш. Құрылыс жүргізуді міндетіне алған мердігер «Қасиет ал» ЖШС облыстық бюджеттен бөлінген 95,75 млн.теңге қаржыға ғимаратты сапалы салып бітірді. 
Жаңа амбулаторияның медициналық бөлме, ультра-дыбыстық зерттеу қондырғылары, физиотерапия бөлмелері, балалар дәрігерінің қабылдау кабинеттері сияқты 40-тан аса бөлмесі бар. 11 орындық күндізгі  стационар жұмыс жасайды.  
Шараға арнайы қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшиев, облықтық мәслихат депутаты Құлпыбай Ысқақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов шәкендіктерге ел игілігіне жарасын деген лебіздерін білдірсе, медицина саласының ардагері Клара Бисембаева ауыл тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді. Мердігер басшысы амбулатория кілтін емхананың меңгерушісі Анар Тілеубергеноваға салтанатты түрде табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: