Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫШиелі ауданында тампонажды цемент зауытының құрылысы басталды. Құрылыстың іргетасын қалау рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 

– Шетелдік инвесторларды тартып, аймағымызда зауыт құрылысын бастап жатқан кәсіпкерлерге, сонымен қатар, аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің мақтанышы, атақты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа, «Данаке корпорациясы» ЖШС директоры Гүлнәр Смағұлқызы Тұрлыхановаға, «Гежуба Групп» компаниясы басшылығына алғысымды білдіргім келеді, – деді әкім.
Айта кетейік, «Гежуба-Шиелі цемент компаниясы» ЖШС жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін болады. Зауыт құрылысы 2018 жылы аяқталады. Кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Мемлекет зауыт құрылысы үшін аумағы 46 гектарды қамтитын жер телімін бөліп берді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Жаңақорған ауданында ресейлік «Глобальная безопасность» жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп, құрылыс цементін өндіретін зауыт құрылысы басталған болатын. Бұл зауыт та 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: