Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М.Кулахметоваға қатысты әкімшілік іс түсіп, қаралды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі "Құқық бұзушы М.Кулахметова өз тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған 2008, ,2009, 2011 жылдары төмірге келген үш баласын 2015 жылдың 1-20 қаңтар аралығында қараусыз қалдырған. Осылайша балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған. ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған" деп хабарлайды.
Құқық бұзушы М.Кулахметова жазбаша өтініш беріп, онда кінәсін мойындады. Отбасы жағдайына байланысты сот отырысына келе алмайтынын, істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрайтынын көрсеткен.
Іс құжаттарын зерттеп, құқық бұзушы М.Кулахметованың өз кінәсін толығымен мойындағанын туралы өтінішін қарап, прокурордың қорытындысын тыңдады. Сот қаулысымен М.Кулахметова ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. (Құқық бұзушының аты-жөні өзгертілген).