Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Қайсар" жас футболшыларды да сынақтан өткізуде

"Қайсар" жас футболшыларды да сынақтан өткізудеҚызылорданың "Қайсары" еліміздің бірқатар жас ойыншыларын сынақтан өткізіп жатыр. Олардың қатарында Серікболсын Кененов пен Марсель Исламқұлов бар.
С.Кененов "Бәйтерек" командасында ойнайды. Жасы 20-да, жартылай қорғаушы міндетін атқарып келеді. Бразилиядағы "Оле Бразил" академиясында арнайы бағдарлама негізінде алғашқы лекте тәлім алған өрендердің бірі саналады. Соңғы екі жылда Астананың "Бәйтерек" командасында ойын көрсетті. Биыл аталмыш команданың негізгі ойыншысының бірі болды. Бірінші лигада 24 ойынға қатысып, қарсыластар қақпасына 1 доп соқты. Ол "Қайсарда" жас футболшыға берілетін лимитке байланысты алынуы мүмкін. 
 "Қайсар" жас футболшыларды да сынақтан өткізуде
Сондай-ақ, келер жылы қызылордалық ұжымның құрамын "Астана-1964" командасының 20 жастағы қақпашысы Марсель Исламқұлов та толықтыруы мүмкін. Ол да бүгінгі таңда "Қайсардың" сынағына қатысып жүр. М.Исламқұлов қырғыз футболының түлегі саналады. Жас қақпашысы астаналық командада негізгі қақпашы міндетін атқарды. Чемпионат барысында 23 ойын өткізіп үлгерді. Сондай-ақ, "Қайсардың" оқу-жаттығу жиынына қақпашылар Рамиль Нурмухаметов пен Мақсат сейдеахмет те қатысып жатқанын еске сала кетелік. 
"Қайсар" жас футболшыларды да сынақтан өткізуде
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: