Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Сырдария мәселесі көтерілді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткізілді. 
Жиында Мемлекет басшысы ел экономикасын тұрақты түрде дамытып, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында нақты тапсырмалар берді. 
Кеңейтілген отырыста бірқатар облыстың әкімдері өңірлерді дамыту мәселелерін қозғады. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қысқаша жыл қорытындысын баяндай келе, 2 өзекті мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, Сырдариядағы су көлемінің төмендеуі мен мұнай кенішінің сарқылуына байланысты мәселелерді Президент назарына ұсынды.
Облыс әкімі вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтіп жатқанын тілге тиек етіп, Шардараға қосымша 2 млрд.текше метр су түспеген жағдайда қысқарған күріштің өзін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмайтынын алға тартты. Сондай-ақ, Үкімет тарапымен су тапшылығының алдын алу шараларын бірлесіп қарау керектігін жеткізді. 
Қазіргі таңда Шардара су қоймасына  жиналған судың көлемі өткен жылдан 1 млрд.текше метрге кем. Ал, Көксарай су реттегішіне судың мүлдем жиналмайтын қауіп бар. Сондықтан шаруалар вегетациялық кезеңде суды үнемдеу жолдарына көшеді. Суды аз қажет ететін мал азықтық майлы дақылдар және картоп, көкөністер мен бақша дақылдарын егуге мән беріледі.  
Айту керек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі бойынша Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерімен бірге келіссөздерде талқыланатын болады. 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір үшін аса маңызды негізгі мәселелер арнайы қаралатынын жеткізді. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: