Оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
Бүгіннен бастап аймағымыздағы 94 мектепте оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (ББЖМ) жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 және 9 - сынып оқушыларының арасынан 7 078 оқушы қатысуда.
Аталмыш мониторинг білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу болып табылады. Бұл елімізде биыл алғаш рет өткізілуде. Тестілеу арқылы оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады.
Мониторинг ертең аяқталып, қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланатын болады.
Айта кетейік, 4 – сынып бойынша ең жоғары балл – 30, тестілеуге 105 минут беріледі. Ал, 9 – сынып бойынша ең жоғары балл – 75, тестілеуге 170 минут беріледі. Мониторинг мектеп базасында өткізіледі және қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.