Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЕЛДІ-МЕКЕН ШЕКАРАЛАРЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ЕЛДІ-МЕКЕН ШЕКАРАЛАРЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫЕлді-мекен шекарасын бекіту мен ұлғайту ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде тұрғындарды мал жайылымымен қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жаңа алаңдар ашуға да негіз болмақ. Бұл туралы Қазалы ауданы бойынша кейбір елді-мекендердің шекара шегін анықтау жөніндегі жұмысшы топтың мәжілісінде баяндалды.
Тұрғындардың ұсыныстары бойынша Жанқожа батыр, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр, Өркендеу, Ақсуат елді-мекендеріндегі даму сызбасынан тыс жерлерді ұлғайту жобасы әзірленді.
АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ арқылы бұрынғы аумағы 961 гектарды құраған Арықбалық ауылдық округі мен Жанқожа батыр елді-мекені шекарасының жер көлеміне 4618,7 гектар, Жанқожа елді-мекенінің шекарасына 195,3 гектарға ұлғайту ұсынылып, ұлғайтылған жер көлемі 5775 гектар болып әзірленді.
Ал Құмжиек ауылдық округі мен Қашақбай Пірімов елді-мекенінің шекарасының бұрынғы аумағы 3540 гектарды құраған. Құмжиек ауылдық округінің жер көлеміне 5978,5 гектар, Қашақбай Пірімов елді-мекені шекарасын 57,5 гектарға ұлғайту ұсынылып, ұлғайтылған жер көлемі 9576 гектар болды.
Қарашеңгел ауылдық округі мен Жалаңтөс батыр елді-мекені шекарасының бұрынғы аумағы 2252 гектарды құраса, Қарашеңгел ауылдық округінің жер көлеміне 882,5 гектар, Жалаңтөс батыр елді-мекені шекарасын 95,5 гектарға ұлғайту ұсынылып, ұлғайтылған жер көлемі 3230 гектар болып әзірленді.
Сондай-ақ, Өркендеу ауылдық округі мен Өркендеу елді-мекенінің шекарасының бұрынғы аумағы 2166 гектарды құраған. Өркендеу ауылдық округінің жер көлеміне 2783,4 гектар, Өркендеу елді мекенінің шекарасын 148,6 гектарға ұлғайту ұсынылып, ұлғайтылған жер көлемі 5098 гектар болды.
Майлыбас ауылдық округі мен Ақсуат елді-мекені шекарасының бұрынғы аумағы 7668 гектарды құраған. Майлыбас ауылдық округінің жер көлеміне 22168 гектар, Ақсуат елді-мекені шекарасын 84 гектарға ұлғайту ұсынылып, ұлғайтылған жер көлемі 29920 гектар болып дайындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: