Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА МӘН БЕРІЛДІ


2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Қызылорда қаласына қарасты шаруашылықтарда ауру малдарды санитарлық союды, сарыппен ауырған МІҚ малдары анықталған жағдайда ветеринариялық-санитарлық жолмен союға 789 мың теңге бөлініп, 20 бас МІҚ малы сарып болуына байланысты 176 мың теңгесі игерілді.
Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу бағдарламасы бойынша уақ малдарда ауру анықталған жағдайда қансыз әдіспен жойып, иелеріне өтем ақы қайтаруға 5 901 мың теңге бөлінді. 8 бас уақ малы сарып болуына байланысты 81 мың теңгесі игерілді.
Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық
іс-шараларды атқаруға қажетті ветеринариялық препараттар алуға 3 477 мың теңге бөлініп, жыл басынан энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар 7300 бас МІҚ өттеу, 3000 бас жылқы сақау, 9600 бас уақ малы бауыр құрты, 1000 бас түйе қатпа, 1400 бас жылқы гастрофилез, 4600 бас МІҚ пираплазмоз ауруларына егу жұмыстары жүргізілді. Игерілген қаржы көлемі 2897,0 мың теңге.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: