2019 жылы Қызылорда облысына 39 мыңнан астам турист келген
Қызылорда облысында былтыр туризмді дамыту бағытында нәтижелі істер атқарылды. Өткен жылы облысқа 40 мыңға жуық турист келген.
Көрсетілген кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемі 533,3 млн.теңгені құрады. Туристерге облыс бойынша қонақ үйлер саны – 109 қонақ үй қызмет көрсетсе, қонақ үйлердегі нөмірлер саны 1 411 бірлікті құрайды. Сондай-ақ, туристік маршруттар саны – 12 бірлік. Ал жергілікті жұртшылыққа 6 туристік агенттік қызмет көрсетеді.