Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ ЖАҚСАРДЫ


Қызылорда қаласында тұрғын үймен қамту мәселесінде оң өзгерістер бар.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға облыстық бюджеттен және ұлттық қордан барлығы 1195,4 млн.теңге бөлінді, бөлінген қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
1) «Тұрғын үй құрылысын жинақ жүйесі арқылы салу» бойынша ұлттық қордан бөлінген 981,2 млн.теңге Арай-2 мөлтек ауданы 80 пәтерлік № 1 үй, 50 пәтерлік №2 үй, 40 пәтерлік №3,4 үйлер, 30 пәтерлік №5 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Игерілген қаржы көлемі 600,0 млн. теңге.
2) Облыстық бюджеттен бөлінген қосымша 37,3 млн.теңгеге Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік №6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Игерілген қаржы көлемі 35,7 млн. теңге.
3) Ұлттық қордан бөлінген 87,8 млн. теңге «Ипподром» мөлтек ауданындағы алты 50 пәтерлік (№1,2,3,4,5,6) тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
4) Облыстық бюджеттен бөлінген 89,1 млн. теңгеге «СПМК» - 70 мөлтек ауданындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ы мемлекеттік сараптама қортындысымен әзірленді (КИК).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: