Қызылорда ОІІД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған
байқауға
#upndpkzo
Қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі – нашақорлық. Яғни, есірткіні қолдану. Бүгінгі күні жастардың есірткі қолданып, оны пайдалануы үлкен дерт болып отыр. «Бірінші байлық – денсаулық» деп бағалаған ата-бабамыздың мұраты – жаны мен тәні сау ұрпағының ынтымағына негізделген қоғамда өмір сүру болатын. Бірақ ата-бабамыздың осы мұратын аяқ асты етіп жүрген жастарымыз көбейіп барады. Олар салауатты өмір салтын ұстанудың орнына есірткіні өмірінде кездескен қиыншылықтардан қашу үшін пайдаланады.
Ең алдымен олар есірткіні ішінара «компания үшін» немесе көпшілік арасында «ақ қарға» болмау үшін татып көреді. Өкінішке орай, бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ешкім де көтерген жүгінің ауырлығын немесе қайғысының жеңілдігін сезіне алмайды.
Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін бұзылуға алып келумен сипатталатын ауру түрі. Есірткі сана мен миға әсер етеді.
Әдетте, есірткіні пайдалану қызығушылықтан басталады. Жастар өзіне беймәлім нәрсені татып көргенде ләззат алады да, сосын оған тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, аз ғана уақыт ішінде нашақорға айналып шыға келеді.
Осы орайда Абай атамыздың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген пікірі еріксіз ойға оралады. Еліміздің жарқын болашағы – біз, жастар. Сондықтан келешегіміз бен өміріміз өзінің қолымызда екенін ұмытпайық.
Есірткі – адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет. Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу – біздің адам деген атымызға мүлде жат.
Мен биыл мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырмын. Өмірде өз орныңды табу үшін білім қажет, сондықтан да мен білім жолы мен салауатты өмір салтын таңдадым. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей аурудың алдын алған ем іздегеннен жеңіл болатынын ұмытпайық!
Жас өмірімізді керексіз дүниелермен уландырмауға тырысайық, достар! Еліміздің болашағы –дені сау жас ұрпақ екенін жадыңнан шығарма! Мен өз ойымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді, өйткені есірткісіз өмір ғажайып!
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
#есірткігеқарсы Бекарыс Өмірбек,
№203 орта мектеп оқушысы
Жаңадария ауылы
Жалағаш ауданы