4 шілдеде су жүйесіндегі орын алған авариялық жағдайға байланысты қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың негізінде қала орталығындағы үйлерге 7 шілде күні «Су жүйесі» мекемесінің басшысы Тілеуберген Қаныбетовтың қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында қамтылған үйлер: Шұғыла м/а, Әйтеке би 23 және Байтұрсынов көшесі, Алтынсарин және Скатков көшесі.
Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!
Алдағы уақытта су көтерілмеу немесе болмай қалу жағдайлары орын алса, «Open Qyzylorda» whats'app мессенджеріне (+7 702 887 1111 нөміріне) жазбаша хабарлама қалдыруларыңызды сұраймыз. Хабарламада міндетті түрде үй және пәтер нөмірі көрсетілуі тиіс.