Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН АДАМНЫҢ 300 МЫҢ ДОЛЛАР ТҰРАТЫН LAMBORGHINI КӨЛІГІН БӨЛШЕКТЕП ТАСТАДЫ

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН АДАМНЫҢ 300 МЫҢ ДОЛЛАР ТҰРАТЫН LAMBORGHINI КӨЛІГІН БӨЛШЕКТЕП ТАСТАДЫ

 

Тайванда жергілікті билік өкілдері жалған нөмір тағып, жол қозғалысы ережелерін бұзған адамды қатаң жазалады, деп жазады Tengrinews.kz. 
Lamborghini Murcielago SV иесі арзанырақ Ford маркалы көліктің нөмірімен жүрген (бұл айыппұлды азырақ төлеуге мүмкіндік берген). Полиция раритет көлікті тәркілеп (ол шектеулі санмен шыққан, небары 190 көлік), кейін оны жалпы жұрт алдында жойды, - деп хабарлайды Focus Taiwan.
Көлік 2013 жылы тәркіленген болатын. Үш жыл бойы оның иесі көлігін қайтару мақсатында сан рет апелляция берген. Бірақ бұл мүмкін болмады. 300 мың доллардай тұратын көлікті экскаватормен мыжып тастаған. Мұндай көпшілік алдында "жазалау" өзгелерге үлгі болады деп жазыпты басылым.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: