Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшыда кәсіпкерлік өрістей түсті

2019 жылы Қармақшы ауданында кәсіпкерлік саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Ауданда субъектілердің саны 3 206 бірлік болса, оның 90,5 пайызын немесе 2 900 бірлігін жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері құрайды.
Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі айналымы 2,0 млн.теңгеден асқандарының саны 438 бірлік болып, 16,3 пайызды құрады, - деді аудан басшысы.
Аудан бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 675 адам оқытылған, оның ішінде «Бастау-бизнес» жобасымен – 350 адам, «Бизнес-кеңесші» жобасымен – 215 адам, «Жас кәсіпкер» жобасымен 110 адам.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында 424,4 млн. теңге көлеміндегі шағын несиелерге 118 кәсіпкер кол жеткізді.
Бағдарламаның гранттық қолдау компоненті бойынша 236 жоба 104,3 млн.теңгеге қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 жоба жалпы құны 318,3 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Бағдарлама шеңберінде гранттық қолдау бойынша жалпы құны 2,0 млн теңгеге 8 жоба қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша 3 жоба 49,3 млн.теңгеге қаржыландырылды.
(ЖК «Елубаев Әмиттің» құны 4,0 млн теңге «Жиһаз цехын ашу» жобасы. Жосалы кенті; Қуандария аулындағы «Олжа» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас сиырын сатып алуға 42,0 теңге, Жеке кәсіпкер Ғабиден қой шаруашылығын дамыту бойынша 3,3 млн теңге).
«Микробизнес-Қызылорда»өңірлік бағдарламасы бойынша 28 жобаға 114,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, іске қосылды.
Аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 4 млрд 541,3 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101 пайызды құрады.
Ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 3 млрд 301 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 95,7 пайызды құрады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: