Шиелі аудандық сотында азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Материалдардың мәні бойынша 2015 жылдың қаңтар айының 19-күні, сағат 23-15-лар шамасында, Шиелі кенті, Төлеби көшесінің бойында, жасы кәмелетке толмаған 26.07.1999 жылы туған баласы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны анықталды. Осылайша әкесі Т. баласына ешқандай қарамай осы әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Т. құқық бұзушылық әрекетін мойындап, заң алдында кешірім сұрады.
"Соттың қаулысымен Т-ға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен ескерту жасалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ" деп хабарлайды Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.