Жалағаш ауданы, М.Шәменов атындағы ауылдық округінде Ұлы Отан соғысының 1, 2-дәрежелі, Қызыл Жұлдыз және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Мөрәлі Шәменовтың 100 жылдығы мерейтойы аясында «Еңбегі елге мұра» атты облыстық жас жазба ақындардың жыр мүшәйрасы болып өтті.
Мүшәйраны Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, Мөрәлі Шәменов туралы қысқаша айтып өтті және қатысушы жас ақындарға сәттілік тіледі. Жыр мүшәйрасына Қызылорда қаласы және аудандардан 14 жас қатысты. Қазылар алқасының шешімімен мүшәйраның бас жүлдесін Қазалы ауданынан келген А.Түменбай жеңіп алып, 100 мың теңге қаржылай сыйақыға ие болды. Сырдария ауданынан қатысқан жас ақын Е.Мұхитдинов 1 орын, Жалағаш ауданынан қатысқан О.Мәлік және Қызылорда қаласынан қатысқан Б.Сәтжанов 2 орынды иеленді. Ал, 3 орынды Жаңақорған ауданынан Н.Бижанов, Шиелі ауданынан Б.Ержігіт және Жалағаш ауданы, Аққұм ауылынан Е.Жәкен жеңіп алды. Жыр мүшәйрасын ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығын Сырдария ауданының жас ақыны Г.Оразова иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен және қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.