Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚармақшы ауданы әкімінің өкімімен Ефенов Рустам Сақтағанұлы Қармақшы ауданы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. 
Рустам Сақтағанұлы 1980 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 1997-2003 ж.ж. «Тұран» университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 
Алғаш еңбек жолын 2004 - 2006 ж.ж. Қармақшы аудандық бiлiм бөлiмiнiң маманы болып бастаған. 
2006 - 2008 ж.ж. - Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы;
2008 ж.ж. - Қармақшы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
2008 - 2010 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2010 - 2011 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2011 - 2013 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;
2013 жылдан бері - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және иснпекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметін абыроймен атқарып келді. 
Жанұялы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: