Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балық экспорты 14 пайызға артты

Балық экспорты 14 пайызға арттыБылтыр 6,7 мың тонна балық ауланды. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда үш есеге артық. Балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді. Олар жылына 11 мың тонна балық өңдей алады. Барлығы да соңғы технологиялармен жабдықталып, халықаралық талаптарға жауап береді. Өнімдері жақын және алыс шет елдерге экспортталады. Аралда ауланған балық Еуропа нарығында сатылып жатыр. Соңғы бір жылдың ішінде экспорт көлемі 14 пайызға артқан. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлім етті.
Өткен жылы «Бақыт» шаруа қожалығы өзі шығарып отырған өнімдерге еурокод алды.
«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы балық өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша бірнеше инвестициялық жобамен айналысып келеді. Әсіресе, Арал балық өндіру зауытының жұмысын жандандыру және Иіркөл бөгетінің шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарын ерекше атау керек. 
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен САРАТС жобасының екінші кезеңі «Қазақстанның су шаруашылығын реттеу» мемлекеттік бағдарламасына енді. Әрине, қазіргі экономикалық жағдай мәз емес. Бірақ жобаның алғашқы кезеңінде де маңдаймыз шылқып отырғаны шамалы еді. Ол уақытта да түрлі қиындықтар аз болмады. Сондықтан Елбасының тікелей қолдауының арқасында САРАТС жобасының екінші кезеңі биыл басталады деп сенеміз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: