Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОЗАТ ЕҢБЕККЕРЛЕР 1 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОЗАТ ЕҢБЕККЕРЛЕР 1 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АЛДЫБүгін, 21 қазанда, Қызылорда облысында дәстүрлі егін жинау қорытындысына арналған «Алтын дән-2016» мерекелік іс-шарасы басталды. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс диқандарына үздік нәтижеге қол жеткізгендері үшін ақ тілегін арнап, құттықтау жеделхатын жолдады. 
Онда «Сіздердің жетістіктеріңіз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үлкен сый болып, ел мерейі өсті. Алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосатындарыңызға кәміл сенемін» деп жазылған.
«Алтын дән - 2016» салтанатты шарасына келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Сүлейменов бірқатар сала озаттарын ведомстволық марапаттармен марапаттады. Бұдан бөлек, ауыл еңбеккерлері салалық номинациялар бойынша («Озат малшы», «Озат бригадир» және т.б.) 1 млн. теңгеден, ал екінші және үшінші орын иелері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: