Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨРМЕ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨРМЕ ӨТТІҚазалы аудандық кітапханасының оқу залында «Ұлы Дала перзенті» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Елбасының көрнекті саясаткер, Ұлт көшбасшысы ретіндегі тұлғасын, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы рөлін ашып көрсету мақсатындағы аталмыш көрме - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналды. 
Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты бөлімде Елбасының өмірі мен оның тарихи еңбектері, ол туралы жазылған әдебиеттер мен фото суреттер қойылды. Сонымен бірге әлемдік ауқымда жасаған жарқын бастамалары мен баяндамалары, өзекжарды ойлары, қанатты сөздері мен өзекті пікір-пайымдары ұсынылған. 
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» бөлімі Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол» - болашаққа бастар жол» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың бағыт-бағдарын айқындайтын инфографикалармен безендірілді. «Қызмет хроникасы» атты кітаптармен қатар қосымша компакт-дискідегі мультимедиялық нұсқасымен жарыққа шыққан кітаптар топтастырылды.
Көрмені Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» яғни, түрлі тарихи белестерді басынан өткізген халықтың дамыған дарабоз 30 мемлекеттің қатарында сап түзеуге ұмтылған ұлт жоспары толықтырды.
«Астана – Елбасының төл перзенті» атты үшінші бөлімде мемлекет жүрегі – Астананың тарихы баяндалады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: