Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ШОҚАЙТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

«ШОҚАЙТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Есмағамбет Көшім Лекерұлы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлымен кездесу өтті. 
Сейхун-инфо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жиынға университет ғалымдары, студент-жастар қатысты. Кездесу барысында көрнекті ғалым Көшім Есмағамбет ұлт зиялысы М.Шоқайдың шығармашылық мұрасы мен тәуелсіздік жолындағы күрескерлігін сөз етті. М.Шоқайдың 125 жылдығы аясында Сыр өңірінде өткен республикалық ғылыми конференцияда Халықаралық «Шоқай Мұстафатану ғылыми-зерттеу» орталығын ашу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді шоқайтанушы-ғалым К.Есмағамбет. Кездесу аясында ғылыми-техникалық кітапхананың арнайы көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар Алаш қайраткерінің өмірінен тың деректер алды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: