Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТІГІНШІЛІК КӘСІПКЕ БЕТ БҰРДЫ

ТІГІНШІЛІК КӘСІПКЕ БЕТ БҰРДЫҚармақшы ауданы жұртшылығына ісмерлігімен танылып, еңбегінің берекесін өнерінен тапқан жандардың бірі Гүлбану Сәбетова. Мамандығы модельер-киім пішуші. 
Еңбек жолын 1983 жылы «Тұрмыс үйінде» киім пішуші болып бастап, тігін цехын ашам дегенге дейін «Жәмиля» ӨК-де жұмыс істеген. Көп жылғы еңбектің, кәсіп ашсам деген ниетінің арқасында тігін шеберханасын ашты. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағытына қатысуға ниет білдіріп, МҚҰ «Нұр-ай» ЖШС арқылы 2,5 млн теңге шағын несие алды. Бизнес жоспарына сәйкес шеберханасына құрал-жабдықтар алып, қазіргі таңда 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. 
Тұрғындардың шалбарларының балағын қысқарту, кең киімді тарылту, жыртылған киімді жөндеп береміз, алдағы уақытта тапсырыс көбейсе, тігіншілікті бітірген жастарды қол астыма алу ойымда бар,-дейді Гүлбану апай.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: