Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Әліппе» кирилл қарпінде шығатын болды

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы оқу бағдарламасына енетін «Әліппенің» қандай қаріпте жарық көретінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біздің алдымызда тұрған мақсат – осы «Әліппемізді» ертерек оқу бағдарламасына кіргізу. Латын әліпбиі бойынша тиісті шешім қабылданды, бұл шешім бойынша латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңімен өтетін болады. Ал бізге келесі жылдан бастап, «Әліппемен» оқи бастау керек. Сондықтан, келесі жылы қабылданып, енгізілетін «Әліппе» кирилл қарпінде болады. Одан кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмысы басталғанда, әрине «Әліппені» де латын қарпіне көшіреміз», дейді министр.
Ведомство басшысы бұл жалпы қиын шаруа еместігін тілге тек етті. Ең бастысы – бағдарлама және оқулықтардың мазмұны деп тоқталды. Аталған мәселелер қазіргі уақытта шешімін тапқанын айтты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілетінін айтқан еді. «Әліппені» енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: