Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ МЕН СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

 

Бүгінде аймақтағы 260 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылған. Бұл туралы Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Медет Усаин хабарлады.
- 2017 жылы «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 5 жобаға қаржы қаралды, оның ішінде Сырдария ауданы бойынша  2 жоба және Жалағаш ауданы бойынша 3 жобаның құрылыс жұмыстарын бастауға 770,3 млн. теңге бөлініп отыр. Облыстық бюджеттен Қармақшы ауданындағы 4, Сырдария ауданындағы 2 жобаға 371,7 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы жылы «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалары бойынша жергілікті бюджеттен локалды және топтық су жүйелеріне 2,4 млрд. теңге қаржы бөлінді, қазір оның 260 млн. теңгесі игерілді, - дейді басқарма басшысы.  
Айта кетейік, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құны 5,7 млрд.теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2018 жылы 335 шақырым ауыз су құбырлары және 7,7 км кәріз су жүйелері жаңғыртылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: