Қазалы ауданында биылғы жылы ҰБТ-ға қатысатын оқушыларды тасымалдауға, тамақтандыруға және жатын орнымен қамту үшін аудандық бюджеттен 2 млн теңге бөлінді.
Бұл туралы бүгін әкімдік мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова баяндады. Мектеп бітіргелі отырған 721 оқушының 491-і тестілеуге қатыспақ. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары күшейтіліп, оқушыларға психологиялық кеңестер берілуде.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов төрағалық еткен әкімдік мәжілісінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы талқыланды. Бұл жөнінде хабарлама жасаған Т.Жүсіпов аудандағы мәдениет мекемелерінде үйірмелер түрін кеңейту жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Аудан басшысы қала, кент, ауылдық округтер бойынша көне атауларымен қалған көшелерге және елді-мекен атауларына қайта атау беру туралы мәселелер бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, аудан көлемінде кәсіпкерлік нысандарындағы ҚР «Тіл туралы» заңының талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды орнатқан кәсіпкерлерге тиісті шара көруді ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берді.