Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде кәсіпкерлік саласы өрістеп келеді. Осы тұста «Абай» шаруа қожалығының жетекшісі М.Нұрсайытов ілкімді істерді қолға алды.
Кәсіпкер 2002 жылдан бері мал, құс, балық шаруашылығын жүргізу, бақша өнімдерін өсіру ісімен айналысады. Қазіргі таңда жеке кәсіп иесі өз қаржысымен мешіт салып, ел игілігіне берді. Кент тұрғындарының еркін демалуына жағдай жасау мақсатында ол Мұрат Әбдіқадыров көшесінің бойынан жағажай демалыс орталығын салды. Мұнда қазір асхана, жағажай, бассейн бар. Демалыс орны 50 адамның табыс көзіне айналып отыр. Мұнан бөлек, халық игілігіне қызмет жасап отырған азамат тәулігіне 500 литрге дейін өнім шығаратын кіші сүт зауытын іске қоспақ.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Сейітжаппаров жүк көліктерін жөндеу орталығы құрылысын жүргізуде. Таяу күндерде орталық елге қызмет көрсетуді бастайды. Міне осындай тынымсыз жұмыстар нәтижесінде, кентте 41 тұрақты жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған.