Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалылық жастар сырқат балаға қол ұшын созды

Қазалылық жастар сырқат балаға қол ұшын создыҚазалыда "Жаныңда жүр жақсы адам" атты қайырымдылық кеш болып өтті. Оны «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қазалы аудандық бөлімі мен Қазақстан студенттерінің Альянсы" сонымен бірге Қазалы ауданы Жастар парламенті ұйымдастырды.  
Аталмыш кештің мақсаты ауданымыздағы жас сәби Мирастың сырқатынан айығуна қолдау көрсетіп, ем алуына тиісті қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Аталмыш кештен жиналған қаржыны Мирастың анасы Ұлжанның шаңырағына белсенді жастармен бірге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қазалы аудандық бөлімінің ұжымы арнайы барып тапсырды. Сонымен бірге арнайы топ өз лебіздерін білдіріп шетелге емделуге жолға шыққалы тұрған Ұлжан мен Мирасқа ақ жол айтып, сауығып келуді тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: