Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қуаңдарияда «Сәйдмұхаммед Әздер» мешіті ашылды

Қуаңдарияда «Сәйдмұхаммед Әздер» мешіті ашылдыҚармақшы ауданы Қуаңдария ауылының 50 жылдық мерекесіне орай «Сәйдмұхаммед Әздер» атындағы жаңа мешіт ашылды. 
- Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3 мыңға жуық мешіт бой көтеріпті. Қазір біздің ауданымызда 12 мешіт тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеу жолында жұмыс жасап келеді. Олардың бәрі жүрегі ізгілікке толы жандардың аманатымен, бастамасымен салынғаны анық. Міне, бүгін Сіздердің ауылдарыңызда да жерлестеріңіз үлкен сауапты іс жасап отыр. Имандылық үйін ел игілігіне берген азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін – деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов.
Мешітке ауданның бұрынғы әкімі Нажмадин Шакизадаұлы және Тараз қаласында тұратын жерлесіміз, жас кәсіпкер Бисенов Сағындық Исаұлы, Қызылорда қаласының кәсіпкері Жетес Ідірісов, зейнеткер Мүбәрәк Әбенұлы, Әбдірахман Әбдікәрімұлы ағаларымыз және тағы басқа қалталы азаматтар қаржы шығарып, құрылыс жұмысын бастауға мұрындық болса, баба ұрпағы кәсіпкер Әбдиев Мирамбек «Ер Сейтбенбет қоғамдық қорын» құрып, есепшот ашып, жұмыс жасады. Қорға 10 млн.астам қаржы жиналды. Сонымен бірге ауданның белсенді азаматтары осы істің маңына топтастырып, қаржылай көмек көрсетті. Кәсіпкер азаматтар қажетті құрылыс заттарын беріп, уақытылы тасымал көлігімен қамтамасыз етіп отырды. Бұл істің басында Жосалы кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, сонымен қатар Иса Бисенов, Жақсыбай Жәкеев, Болат Әбжәлиев, Тұрман Омаров, Сахи Махамбетжанов, Шегебай Құндақбаев ағаларымыз бен Бақытжан Нысанбаевтар жүрді. Сейітпенбет әулиенің өмір жолы, зерттеліп, нақты атымен мешіт «Сәйдмухаммед Әздер» деп аталып Қазақстан мұсылмандары мешітінің қатарында тіркеуден өтті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: