Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Пұсырманбай кесенесі 

Пұсырманбай кесенесі - жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш. Ол Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде ораналасқан. 


Кесене бір камералы, порталды-күмбезді, жоспары жағынан дөңгелек табаны күмбезбен аяқталады, сақталған бөліктеріне қарағанда параболалық кескінді. Белсенді шығып тұрған порталдың көлемі, салыстырмалы түрде жіңішке порталды сүйір көріністі қақпамен, оңтүстік-батыс жақтан табанға жалғанған, кіреберіс қақпа порталды қақпаның айқышты қабырғасына орналасқан. Камера түбінде аршылған кірпіштен жасалған құлап жатқан құлпытастың қалдықтары, ал солтүстік-батыс бөлігінде - тас құлпытас – бедерлі араб жазбалары бар құлпытас сақталған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: