«Дін атын жамылған экстремизм мен террористік идеялардың туындау себептері: діни таным мен мәдени-тарихи таным» тақырыбында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дінтану сараптамасы орталығы» РММ бөлім басшысы, республикаға белгілі теолог, РАТТ мүшесі Аханов Жарас Ибергенұлының қатысуымен аудандағы имамамдар мен млодаларға, ҮЕҰ, жастар өкілдері, АТТ мүшелері, дінттану пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинар 2020 жылдың 18 қарашасы күні Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасын аясында ұйымдастырылды. Сондай ақ РАТТ мүшесі Жарас Аханов Ақсу, Бұқарбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесіп жат ағымның алдын алу жолдары, зайырлылық мәні тақырыптарында кездесу өткізді. Кездесу Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасын аясында ұйымдастырылды.