Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА "КӨРІПКЕЛ ТҮЙЕ" ЖАҢА АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ КІМ БОЛАТЫНЫН БОЛЖАП БЕРДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА "КӨРІПКЕЛ ТҮЙЕ" ЖАҢА АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ КІМ БОЛАТЫНЫН БОЛЖАП БЕРДІ

 

Қызылорда облысында "көріпкел түйе" АҚШ президенті кім болатынын болжады. Өркешті жануардың ойынша, сайлауда Дональд Трамп жеңіске жетуі тиіс деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Қызылорда облысында "көріпкел түйе" жаңа АҚШ президенті кім болатынын болжап берді
Бұл адам сенгісіз оқиғаны Қызылорда тұрғыны Бекнұр Бозжігітов баяндады. Ол Жалағаш ауданына достарымен бірге туысқандарының үйіне қонаққа келген екен. Үй иелері оған ерекше қабілетке ие ақ түйелері барын айтқан.
Сол сәтте жігіттерге "көріпкел түйеден" АҚШ президенті кім боларын неге сұрап көрмеске деген ой келеді. Олар 2010 жылы футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздарын дәл көрсеткен сегізаяқ Паульден бұл түйе кем түспеуі мүмкін деп сенген.
"Мен телефонымда Доналльд Трамптың фотосын аштым. Ал досым Хиллари Клинтонның фотосын ашты. Біз түйені оған қант береміз деп өзімізге шақыра бастадық. Түйе бастапқыда досыма қарай келе жатқан. Кейін ойынан айнып, Трамптың фотосын ұстап тұрған мен жаққа қарай жүрді. Мен Трампты Головкинге Лемьемен жекпе-жек алдында кіріп, онымен амандасқаны үшін құрметтеймін", - дейді Бозжігітов.
Түйенің қаншалықты дұрыс болжағанын ағымдағы жылдың 8 қарашасында, АҚШ сайлауының нәтижесі шыққаннан кейін білетін боламыз.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: