Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада полицейлер түн ішінде жоғалған қыз баланы тауып берді

Бүгін, 2 қыркүйекте сағат 07.00-де  Сырдария аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметіне саяжай тұрғынынан 2010 жылы туылған қызы, үйінен таңғы 04.30 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, іздестіру шараларын бастады. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды анасымен бірге азанға дейін, көз ілмей баланы іздеді. Барлық туыстарының және таныстарының үйлеріне, көшелерді, көп қабатты үйлердің жер төлелерін, сыныптастарының мекен-жайларынан іздестіру барысында аралап, сағат 08:30 шамасында Қызылорда қаласында табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Қәзіргі уақытта ата-анасымен және кәмелетке толмаған оқушымен профилактикалық алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: