Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл Қызылордада кәсіпкерлікке 38 млрд. теңге бағытталады

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен өткен Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығының 2019 жылғы қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжілісте аймақ басшысы өндірілетін өнімге аса мән берілу керек екенін айтты. Алдағы уақытта кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылатын жұмыстар бойынша тапсырма берді.
«Мемлекет басшысы шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесін ұлғайтуды, өнім шығарылым көлемін арттыруды тапсырды. Соған сәйкес, біз ірі кәсіпорындар аясында ілеспе кәсіпорындарды ашып, жаңа өндіріс көздерін дамытуымыз қажет. Облыс бойынша былтырғы жылдың 9 айында 285,5 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Бұл жұмыстар тек облыстық деңгейде емес, барлық деңгейдегі әкімдермен атқарылуы қажет. Сонымен қатар, биылғы жылы облыста кәсіпкерлікке әртүрлі қаржы көздерінен 38 млрд. теңге бағыттауды көздеп отырмыз. Оның ішінде, қазірдің өзінде 1,7 млрд. теңге «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы, 4,5 млрд. теңге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Қосымша 21 млрд. теңге өңірлік екінші деңгейлі банктерден тарту көзделуде» - деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.
Айта кету керек, өткен айда облыс әкімі Қ.Ысқақов өңірдің бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстарын тыңдап, аталған бағытта бірлесе жұмыс жасауды ұсынынған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: