Жаңақорған жастары малдың қысқы азығын қамдай бастады
Биыл маусымдық мал азығы - шөп мәселесі шаруаларға ауыр тиіп жатқаны белгілі.
Сол себепті аудан әкімі Р. Рүстемовтың бастамасымен тау беткейіндегі ауылдық округтердің шаруалары Түгіскен тұқым шаруа қожалығынан тегін шөп орып алуына мүмкіндік ашып берді. Бастаманы алғаш болып, Қыраш, Қосүйеңкі ауылдық округінің жастары қолдап, шөп орымның басына жетті. Келген жастар үшін жататын орын, тамақ жасап беретін аспазбен қамтамасыз етілген.