Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада колледж студенті сәбиді өрттен құтқарды

Мәншүк Маметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Данияр Қауышханов өртке оранған пәтерден сәбиді алып шықты. Бұл туралы колледждің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 12 наурыз күні Тасбөгет кенті Ғ.Мұратбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Көрші үйдің өртеніп жатқанын көрген Данияр көмекке ұмтылады. Жанып жатқан үйдің ішінде бір жарым жастағы сәби қалып қойған. Данияр ойланбастан жалын шарпыған үйге еніп кетеді. Бөлмелердің бірінен бесіктегі баланы тауып алады. Сәби терезеден шығарылып, облыстық медициналық орталыққа жеткізілген. Құтқарушы бұндай оқиғада басқаша әрекет жасау мүмкін емес деп отыр. Ол сәбиді өрттен құтқару барысында өз өміріне төнген қауіпті ойламаған. 
"Менің орнымда бұл жерде басқа адам болса да дәл осылай жасар еді. Мен үйде бала қалып қойғанын естігенде құтқарудан басқа ойыма ешнәрсе келмеді.  Үйге кіргенімде бала жатқан бесік жанып жатқан терезенің алдында тұрды. Бесіктегі сәбиді шешіп, қолыма алғанда оның әлсіздігін байқадым. Содан соң оны терезе арқылы далаға шығарған соң өзім  түтінге тұншығып жүріп есікті әзер таптым" - дейді Данияр. 
Данияр Қауышқанов №5 балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің тәрбиеленушісі, бокстан ҚР спорт шебері. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: