Қызылордада мүгедек болғансып, 11 үйді үптеп кеткен ұры ұсталды
Қызылордада ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген ұры ұсталды. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Әлі қырықтың қырқасына шықпаған жігіт ағасы сырт көзге мүгедек болып көрініп, жеке үйлерді шолып шығуды әдетке айналдырыпты, кейіннен оларды үптеп кетіп отырған. Тамыз айынан бері ол Қызылордада 11 үйге түсіп үлгерген екен, ішке пластик терезе арқылы кіріп, тек алтын мен ақшаны қолды етіп жүрген. Полицейлер әккі ұрыны ұстағанда, ұрланған ақшаның бір бөлігі жалдамалы пәтерден табылыпты. Сонымен бірге ұрының жеке басын анықтау кезінде ол іздеуде жүрген ОҚО Мақтаарал ауданының тумасы болып шыққан.