Мамырдың 28-нен бастап «Трансаэро» авиакомпаниясы өз тарихында алғаш рет Қызылорда-Мәскеу бағыты бойынша тұрақты ұшуларын орындауды бастайды.
Аптасына үш рет ұшатын болады: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері. Ұшу уақыты 3 сағат 45 минут. Қызылордадан ұшып шығу сағат 03:15, Мәскеуге ұшып келу сағат 07:00.
Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда қаласының әуежайы халықаралық статус алған болатын. Қазір өзге елдермен байланыс орнату мақсатында келіссөздер жүруде. «Сәуір айынан бастап Қызылорда-Бішкек бағытындағы халықаралық рейс ашылады. Бұл бағытта барлық келісімдер жасалды. Бұған қоса Ақтау, Көкшетау бағыттарына ұшақ қатынайтын болады.