Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әйелін балағаттап 3 күнге қамауға алынды

Әйелін балағаттап 3 күнге қамауға алындыҚұқық бұзушы А. өзінің үйінде әйелі Ж-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеген. Қазалы аудандық сотының мәліметінше, ол осылайша отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.
Сотта құқық бұзушы А. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді. Жәбірленуші Ж. күйеуі құқық бұзушы А.-ға заң талаптарына сай шара көруін сұраған.
Қазалы аудандық сотымен құқық бұзушы  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 /үш/ тәулік әкімшілік қамауға алынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: